$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2021, 11:20
Жаңалықтар

Каратэ: Дархан Асаділов өз тобында көш бастап тұр

Қазақстандық спортшы Олимпиада ойындарында екі қарсыласын жеңді

Каратэ: Дархан Асаділов өз тобында көш бастап тұр
фото: olympic.kz

Токио Олимпиадасында каратэ спортынан жекпе-жектер басталды. Олимпиада бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрінен тұңғыш жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Бүгін 67 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов сынға түсуде.

Жарыс ережесі бойынша спортшылар А және В тобына бөлінген. Әр топтағы бес спортшы бір-бірімен өзара кездесулер өткізіп, ең көп ұпай жинаған екі каратэші жартылай финалға жолдама алады.

Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті. 

Әзірге, Дархан Асаділов өз тобында 4 ұпай жинап, көш басында келеді.  Айта кетелік, каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#каратэ #Токио-2020