$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2021, 10:17
Жаңалықтар

Еліміз бойынша 4 өңір «қою қызыл» аймаққа енді

COVID-19 вирусының таралуы Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды облыстарында өршіп тұр

Еліміз бойынша 4 өңір «қою қызыл» аймаққа енді

«Қою қызыл» аймақта (яғни, өте қауіпті аймақта) Қазақстанның төрт өңірі бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Стационарларға жүктемені бағалау матрицасына сәйкес, «қою қызыл» аймақта (қауіпті аймақта) төрт өңір бар: Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды облыстары. Бұл өңірлерде төсек орындардың апталық қамтылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Ол 2 тамыздан бастап аталған өңірлерде іскерлік белсенділік теңгерімін және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруды ескере отырып, шектеу шаралары қабылданғанын айтты.

2021 жылғы 3 тамыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары;

«Сары» аймақта: Түркістан облысы тұр.

Серіктес жаңалықтары