$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2021, 10:09
Жаңалықтар

КВИ-ге қарсы тағы 8 миллион доза вакцина жеткізіледі

Бүгінге дейін 9 400 000 доза вакцина пайдаланылған

КВИ-ге қарсы тағы 8 миллион доза вакцина жеткізіледі
фото: kapital.kz

Қазақстан коронавирусқа қарсы қосымша  8 миллион доза вакцина жеткізу туралы келісімшарт жасасты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні шамамен 9 400 000 доза вакцина пайдаланылды. Оның ішінде бірінші компонент 5 480 094 адам егілді, бұл тиісті халықтың 55,4 пайызын құрайды. Екінші компонентті 3 941 941 адам алды немесе тиісті халықтың 39,8 пайызы қамтылған», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ДСМ төрт миллион адамға салынатын сегіз миллион дозаны қосымша жеткізуге келісімшарттар жасады.

Цой жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, республикада халықтың вакцинацияға қолжетімділігі жеткілікті көлемде қамтамасыз етілгенін айтып өтті.

Серіктес жаңалықтары