$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2021, 22:23
Жаңалықтар

Елорданың қоғамдық көліктері сенбі және жексенбі күндері жүрмейді

Жұмыс күндері қоғамдық көлік штаттық режимде жүреді

Елорданың қоғамдық көліктері сенбі және жексенбі күндері жүрмейді
Фото: kerekinfo.kz

Елорданың қоғамдық көліктері сенбі және жексенбі күндері жүрмейді. Бұл күндері автобустарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалық қоғамдық көліктер сенбі және жексенбі күндері жүрмейді. Бұл күндері автобустар дезинфекциядан өтеді, ол бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады. Елорда автопарктерінде автобустар адам денсаулығына зиян келтірмейтін арнайы дезинфекциялық құралдармен өңделеді», - делінген хабарламада.

Жұмыс күндері қоғамдық көлік штаттық режимде жүреді, қарбалас уақытта автобустар саны көбейеді.

Ал соңғы аялдамада автобус салондары дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушы қоғамдық көлікте маска режимін қатаң сақтауы керек. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары