Токиода жолы болмаған Бекзад Нұрдәулетов желіде жазба қалдырды
Олимпиада додасында жүлдеге үмітті төрт боксшымыз қалды
Бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен соң жанкүйерлерге жазба арнады.
«Алға қойған мақсатымызға жете алмадық. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Бокстағы 13 жылдың ішінде қаншама еңбек, тер, жарақат пен қан кетті, осының бәрі сол бала кездегі Бекзадтың арманынан басталған болатын.
Қандай жағдай болмасада қасымда табылатын отбасыма, бауырларыма, жақындарыма және шын жанашыр жандарға алғыс айтамын! Нелер келіп, не кетпес ер жігіттің басына», - деп жазды Бекзад.
Айта кетелік, Токио Олимпиадасының алғашқы айналымында Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевқа жол берді.
Айта кетелік, Токио Олимпиадасына аттанған қазақстандық 9 боксшының бесеуі - Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов және Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды.
Жарысты жалғастырып жатқан боксшылар - Әбілхан Аманқұл, Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов және Закир Сафиуллин.