30.07.2021, 10:08
Жаңалықтар
Қазақстанның батысында тағы да ыстық болады - Қазгидромет
31 шілде – 2 тамызға арналған ауа-райы болжамы
көрнекі фото
Тамыз айының басынан бастап, Иранның аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массасы келе бастайды. Бұл жағдай ауа температурасын 33-38-ге, кей жерлерде 43-ке көтереді. Бірақ жауын-шашынсыз болады.
Алайда, республиканың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады, яғни жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасы солтүстікте, орталықта және шығыста күндіз 27-36 градус жылы болады, оңтүстікте 35-40 жылылық сақталады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы