Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі қайта қосылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn интернет-ресурсының бұғатталуына байланысты туындаған жағдай бойынша LinkedIn компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізген.
«LinkedIn сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу дерегі анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады.
Осыған байланысты, қазақстандық пайдаланушылар үшін АҚДМ-мен LinkedIn.com интернет-ресурсына қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, елімізде іскерлік байланыс нөмірлерді іздеу мен орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталған еді.