Токио-2020: бүгін жарыс төріне қай спортшылар шығады?
Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар
Токиода Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. 29 шілдедегі жарыс күнінде сынға түсетін қазақстандық спортшылар тізімі төменде.
Су добы:
08:30 - Қазақстан - Испания
Академиялық ескек есу, ерлер, жартылай финал:
08:40 - Владислав Яковлев
Теннис, қыздар, жартылай финал:
12:00 - Елена Рыбакина - Белинда Бенчич (Швейцария)
Бокс, 75 және 91-ден жоғары салмақ 1/8 финал:
14:15 - Әділхан Аманқұл (75 кило) - Фанат Кахрамонов (Өзбекстан)
15:51 - Қамшыбек Қоңқабаев (91+) - Есри Мостафа Резк (Мысыр)
Садақ ату, ерлер, жекелей сын:
14:18 - Ильфат Абдуллин
Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Алғашқысын 24 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов иемденсе, одан кейінгі екі медальды 25 және 26 шілдеде ауыр атлет Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алды.