28.07.2021, 16:51
Жаңалықтар
Токио Олимпиадасында нокаутпен жеңілген Василий Левит үндеу жасады
Жарысты 1/8 финалдан бастаған боксшы 2 раундта Эммануэль Рейстен жеңілді
Токио Олимпиадасында нокаутпен жеңілген Василий Левит (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) үндеу жасады.
«Осындай қиын сәтте қолдау көрсетіп жатқан оқырмандарым мен жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Сіздер жеңсем қуанып, жеңілсем жұбатасыздар. Спорт - менің өмірім. Бокста «Сүрінбеген адам тұғырға шықпайды» дейтін жиі айтылатын сөз бар. Бұл алға қойған мақсатына ұмтылған әр адамға қатысты айтылған сөз. Мұндайда жалғыз қалған қиын, ал қолдаушылар көп болса, жалғыз еместігіңді сезінесің», - деп жазды Василий Левит.
Василий Левит - 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері. 2009, 2015, 2017 жылы Азия чемпионы атанған.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды