28.07.2021, 15:40
Жаңалықтар
Токио-2020: Алексей Луценко жекелей сында ТОП-30 қатарына ене алмады
Луценко жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минутқа қалып қойды
фото: olympic.kz
Бүгін Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық Алексей Луценко жекелей сын қорытындысы бойынша 32-ші орыннан көрінді. Ол 44,2 шақырымды 1 сағат 02 минут 21.67 секундта жүріп өтті.
Луценко жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минут 17.48 секундқа қалып қойған.
Бұл бәсекеде словениялық Примоз Роглик чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Том Думулин, қоланы австралиялық Рохан Деннис еншіледі.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды