Ертіс өзенінде 3,5 млн теңгеге залал келтірген браконьер ұсталды
Оның көлігінен 1 сібір бекіресі мен 14 дана стерлет табылды
27 шілде сағат 22:30-да Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндегі балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Павлодар облысының Май ауданында Ертіс өзенінің «Белая» ағынында рейд өткізу кезінде «Вихрь-25» аспалы моторы бар «Казанка» қайығында тормен заңсыз балық аулаған С. деген азаматты ұстады.
Кемені тексеру нәтижесінде бекіре тұқымдас балықтар табылды, оның ішінде салмағы 4 кг 1 сібір бекіресі және жалпы салмағы 8.8 кг 14 дана стерлет, балық ресурстарына келтірілген залал 3 469 771 (үш миллион төрт жүз алпыс тоғыз мың жеті жүз жетпіс бір) теңгені құрады.
Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін аулау үшін жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабында (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдік немесе жануар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде көзделген.
Осыған байланысты, құқық бұзушылық жасалған жерге Павлодар облысы Май аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, материалдар қылмыстық іс қозғау үшін берілді.