ШұғылӨткен тәулікте 3000-ға жуық адамнан КВИ анықталды

ШҚО-да арнайы мектептен қашқан тәрбиеленушілер ұрлық жасады

Олар басқаға тиесілі көлікті айдап әкетіп, оны 70 000 теңгеге сатып жіберген

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында ерекше режимде ұстайтын арнайы мектептің екі жасөспірімі қашып кетті, олар сот арқылы ұрлық, алаяқтық және айдап әкету үшін сотталған еді.

Мәселен, ағымдағы жылдың 30 маусымында сағат 04:30 шамасында кезекші түнгі тексеру кезінде Түркістан және Қызылорда облыстарының тумалары - кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жоқ екенін анықтады.

Арнайы мектептің сыртқы бақылау бейнекамерасы олардың қашу сәтін түсірген екен. Онда екеуі екінші қабаттан төсек жаймасын пайдаланып, төмен түсіп, үш метрлік металл дуалға өрмелеп шығып, мекеме аумағынан қашып кеткені тіркелген.

Кәмелетке толмағандарды іздеуге облыс полициясының жеке құрамы бағдарланып, бекеттер қойылды. Полиция қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, арнайы мектеп қызметкерлері мен волонтерлердің көмегімен іздестіру іс-шараларын, оның ішінде орман екпелерін аралау іс-шараларын жүргізді.

Қашып кеткендер, бірінші кезекте ақшалай пайда табу мақсатында, ауданның 54 жастағы тұрғынына тиесілі УАЗ маркалы автокөлікті айдап әкеткендері анықталды.

Автокөлікті ұрлап, жақын маңдағы елді мекенге барып, осы көлікті 70 000 теңгеге сатқан. Содан кейін таксимен Өскемен қаласына жетіп, бір бағыттағы көлікті тоқтатып, Алматы қаласына қарай бет алған.

«Өскемен-Алматы» автожолында шамамен 140-150 километр жүріп өткен соң қашып кеткен жасөспірімдерді полиция қызметкерлері ұстады.

Қазір арнайы мектепке ҚР ҚІЖК-нің 200-бабының тәртібіне сәйкес, қайтарылған жасөспірімдерді бақылауды күшейту бөлігінде ұсыным жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.