$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2021, 00:43
Жаңалықтар

Көкшетау қаласының 48 жастағы мотоцикл жүргізуші жол апатынан мерт болды

Ақмола полицейлері мотокөлік ұшырайтын жол апатының негізгі себептерін айтты

 

Көкшетау қаласының 48 жастағы мотоцикл жүргізуші жол апатынан мерт болды
көрнекі сурет

 

 

 

Ақмола облысының Бурабай ауданында «Ақылбай-Қызылағаш» автожолының 11-шақырымында Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғыны жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Оқиға Қызылағаш ауылының маңында болған. «Рейсер» мотоциклін жүргізген тұрғын рөлге ие бола алмай, қатты жылдамдықпен жолдың шетіне шығып кеткен. Мотоцикл жүргізуші оқиға орнында мерт болды.

Қазір аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары мотоциклистерге арнайы қорғаныс құралдарын қолдану, өте мұқият болу, белгіленген жылдамдық режимін, жол жүру кезектілігін сақтау және жолда күрт маневр жасаудан аулақ болу қажеттігін ескертеді. Ақмола полицейлері мотокөлік ұшырайтын жол апатының негізгі себептерін айтты. Олар – жылдамдық режимінің артуы, мотоциклшіні кенеттен тежеуге итермелейтін автомобильшілердің күтпеген маневрлері, сондай-ақ мотоциклистің көлікті қауіпті жүргізуі. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы да апатқа себеп болады.


 

 

Серіктес жаңалықтары