ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

Алматы облысында қыркүйек айының соңына дейін халықтың 60%-ы вакцина алады

Облыс «қызыл» аймақта тұр

фото ашық дереккөзден

Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 513 109 адам алған, яғни, аймақтағы халықтың 42%-ы вакцинацияланды, деп хабарлайды Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қыркүйек айының соңына дейін облыс тұрғындарының 60%-ы екпе алады. Вакцинация – пандемияны тоқтатудың жалғыз жолы. Алматы облысында 22 шілдедегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлады, облыс «қызыл» аймақта тұр.

«2020 жылдың наурыз айынан бері өңірде 29 872 коронавирус жағдайы тіркелген. Олардың 19 167-сі – симптоммен. Соңғы аптада Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Қаратал, Райымбек, Талғар аудандарында вирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Соңғы тәулікте 178 КВИ жағдайы тіркелген. «Дельта» штамы екі адамнан анықталды», - деді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет.