Жолаушылар басқа рейске ауыстырылып, кешігіп ұшуға мәжбүр болды
Дубай әуежайында Бішкекке ұшатын БАӘ бюджеттік әуекомпанияның Flydubai борты мен бахрейндік Gulf Air әуекомпаниясының борты бір-бірімен соқтығысып қалды деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға ұшу жолағында болған. Зардап шеккендер жоқ. Алайда, жолаушылар басқа рейске ауыстырылып, кешігіп ұшуға мәжбүр болды.
Flydubai болған оқиғаны жан-жақты тергейтін болады. Ал Gulf Air әуекомпаниясы болса, Дубай әуежайында басқа ұшақ компания лайнерлерінің артқы бөлігін жанап өткендіктен, апатқа ұшырағанын мәлімдеп үлгерді.