$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2019, 14:07
Жаңалықтар

Жеңіс Қасымбек «Жусанмен» оралған қарағандылықтардың қазіргі жағдайын айтып берді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің «Жусан» операциясы аясында елге оралған қарағандылықтар, дәстүрлі емес діни ағымның жетегінде жүрген облыс тұрғындары жайлы тоқталды

Жеңіс Қасымбек «Жусанмен» оралған қарағандылықтардың қазіргі жағдайын айтып берді

«Қарағандыда ондай адамдарды оңалту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Әрбір адам есепте тұр, әрбірімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Негізгі мақсатымыз – оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, жұмыспен қамтамасыз ету, олардың балаларына білім беру. Яғни аналарымен бірге келген балаларды айтамын», - дейді әкім.

Ал, «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, Сирияда соғысып жүрген әрбір бесінші қазақстандық - Қарағанды облысының тұрғыны» деген мәліметке қатысты облыс әкімі «бұл 5 жыл бұрынғы жағдай» деген уәж келтірді.  

«Әрине, мұндай мәселелер туындаған. Егер 2-3 жыл немесе 5 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырсақ, дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері бірнеше есеге азайды», - дейді облыс әкімі.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары