$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2019, 14:55
Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін үйіне ұмытып кеткендерді жазалауды тоқтату керек - Тоқаев

Осындай факті бойынша биыл 80 мыңға жуық азамат жазаланған 

Жүргізуші куәлігін үйіне ұмытып кеткендерді жазалауды тоқтату керек - Тоқаев
Фото: ашық дереккөзден

Құжатын үйде қалдырып кеткені үшін адамдарды жазалауды тоқтату керек. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Барлық көлік жүргізушілері жеке бас куәлігі, жүргізуші куәлігі, техникалық төлқұжат пен жол жүру парағы және басқа да түрлі құжаттарды өзімен бірге алып жүреді. Міне, осы құжаттардың бірін адам үйде ұмытып кетуі мүмкін, сонда да оны жазалап жатады», - деді Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында.

Президент осындай факті бойынша биылғы жылдың 11 айында 80 мыңға жуық азамат жазаланғанын алға тартты.

«Үкімет бұл мәселені жақын арада шешуге және қажет болған жағдайда заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуге міндетті», - деп тапсырды Президент.

Серіктес жаңалықтары