$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2019, 13:59
Жаңалықтар

«Аз ба, көп пе, білмеймін»: Жеңіс Қасымбек облыстың ақпараттық саясатына бөлінетін қаржы туралы

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 2020 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға көзделіп отырған 442 млн теңге жайлы айтып берді

«Аз ба, көп пе, білмеймін»: Жеңіс Қасымбек облыстың ақпараттық саясатына бөлінетін қаржы туралы
Фото: ortcom.kz

Айта кетейік, «Азаттық рухы» порталы осыған дейін Қарағанды облысының әкімдігі мемлекеттік сатып алулар сайтында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін 442 млн теңгеге 12 лот жариялағаны туралы хабарлады.

Оның 121 млн теңгесі телеарналарға арналған, яғни келесі жылы «189 сағат эфирде облыс әкімі, орынбасарлары, басқарма басшыларының сөздерін тікелей эфирден, жалпы, бағдарламалардан көрсету туралы» талап қойып отыр.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында елордалық журналистерге брифинг өткізген облыс басшысы Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бұл сома аясында облыстың имиджін қалыптастыру үшін медиа-тұлғаларды тарту көзделмеген.

«Көп пе, аз ба (облыстық келесі жылғы мемлекеттік ақпараттық саясатына қаралған 442 млн теңге – авт.) айта алмаймын. Ондай статистиканы білмеймін. Жеткілікті шығар... Енді осы сома блогерлермен, осы салада жұмыс істейтін кісілермен жүргізілетін арнайы жұмыс үшін бе, жоқ па, нақты айта аламын: ондай жұмыс бізде жоқ», - деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың қыркүйегінен бастап, Қарағанды облысының әкімі лауазымына ауысқан болатын. Бүгін ол Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің он айдағы дамуын қорытындылады.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары