ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Ол 2006-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған

фото ашық дереккөзден

ҚР Үкіметінің қаулысымен Рүстем Айдарбекұлы Биғари берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Рүстем Биғари 1976 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын, Бостон университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Тұрақты даму ұлттық экологиялық орталығының Бағдарламалар мен жобалар мониторингі комитетінің консультанты қызметінен бастады. 2006-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. 2018 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі болды.