20.07.2021, 00:34
Жаңалықтар
Күзге дейін елімізде 10 миллион адамды вакцинациялау жоспарда тұр – Денсаулық сақтау министрі
Медицина қызметкерлерінің 90%-дан астамы вакцина алған
фото ашық дереккөзден
Күзге дейін елімізде 10 млн адамды вакцинациялау жоспарда тұр деп айтты Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.
Министр келтірген дерек бойынша еліміздегі медицина қызметкерлерінің 90%-дан астамы вакцина алған.
«Күзге дейін10 миллион азаматты вакцинациялауды жоспарлап отырмыз. Халықты барынша қамтуға тырысып жатырмыз. Әрине, барлығы бізге байланысты емес. Оның үстіне, вакцинациялауға ешкімді міндеттемейміз», - деді министр.
Қазір елімізде 4 миллионнан астам адам екпе алған.
Көп оқылған
14.09.2026, 11:08
«Шайырдың шалдары, қайдасыңдар?»: Маңғыстаудағы айтысқа мас шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды
14.09.2026, 11:48
Жамбыл облысында дронның көмегімен ер адамның бүтін бір есірткі алқабын өсіргені анықталды (ВИДЕО)
14.09.2026, 16:20
«Кедейді байытып, бедеулікті емдейді»: Қазақстанда ұрғашы қасқырдың қынабы 90 мың теңгеден сатылып жатыр