Тоқаев дарынды әнші Рухия Байдүкенованы «Славян базары» байқауындағы жеңісімен құттықтады

Президент жас әншінің табысты өнер көрсетуін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында қазақстандықтарға жасаған тартуы деп санайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас әнші Рухия Байдүкенованы Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен «Славянский базар» байқауындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады. 

«Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында. 

Мемлекет басшысы Рухия Байдүкенованың табысты өнер көрсетуі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасаған тамаша тарту болды деп санайды.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.