19.07.2021, 12:05
Жаңалықтар
«Қазатомпромға» қарасты компанияның департамент басшысы парамен ұсталды
Ол орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қоюға уәде еткен
Tengrinews.kz
«Қазатомпром» ұлттық компаниясына қарасты «Байкен-U» ЖШС-нің сатып алу департаментін басқаратын лауазымды тұлға 2,2 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті хабарлады.
Күдікті аталған параны мердігер мекемелердің бірінің өкілінен алған. Бұл ақша үшін ол орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қоюға және қызмет көрсету шарты бойынша әрі қарай аударуға уәде еткен.
Қазіргі таңда ұсталған азаматтың үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу ісінің құпия болуына байланысты өзге ақпарат жариялаған жоқ.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды