14.07.2021, 12:26
Жаңалықтар
Елімізде соңғы бір жылда адам саудасына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар екі есеге артқан
Жеткіншектерді саудалаудың сегіз дерегі анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Елімізде соңғы бір жылда адам саудасына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар екі есеге артқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда қаңтар мен мамыр айлары аралығында адам саудасына қатысты 63 қылмыс тіркелген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есе көп.
Елімізде жеткіншектерді саудалаудың сегіз дерегі белгілі болды. Ал жасөспірімдерді жезөкшелікке мәжбүрлеудің 7 дерегі анықталды.
Бес айдың ішінде адам саудасын ұйымдастырған 25 азамат қылмыстық іске тартылды. Оның алтауы жезөкшелік қызметті ұйымдастырса, төртеуі адам саудасын қыздырған. Олардың дені Қазақстан азаматтары, тағы екі адам ТМД елдерінен шыққан.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)