$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2021, 04:25
Жаңалықтар

Қазгидромет: оңтүстікте және батыста жел, шаңды дауыл күшейеді

Еліміздің тек солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

 

Қазгидромет: оңтүстікте және батыста жел, шаңды дауыл күшейеді
фото ашық дереккөзден

10 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр күтіледі, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталығында қатты жаңбыр жауады деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың кей жерлерінде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және батыста жел, шаңды дауыл күшейеді. Қызылорда, Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен бірге 15-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде жел 15-25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ, дауыл күтіледі. Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауады, желдің күшеюі 15-28 м/с жетеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары