10.07.2021, 01:35
Жаңалықтар
Қазақстандық теннисші Италия турнирінің жартылай финалына жолдама ала алмады
Т.Скатов дүниежүзілік рейтингте 325-орында тұр
Қазақстандық Тимофей Скатов Перуджа (Италия) турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Дүниежүзілік рейтингте 325-орында тұрған Т.Скатов ширек финалда әлемнің 301-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен кездесті. Бұл матчта қазақстандық теннисші 7:6 (8:6), 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Үш сағатқа жуық созылған жарыста хорватиялық спортшы 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып, 9 эйс жасады. Т.Скатов эйс те, брейк те жасай алмады. Нино Сердарушич финалға шығу үшін рейтингте өзінен екі саты төмен тұрған украиналық Виталий Сачкомен таласады.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды