ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

COVID-19: Павлодарда жансақтау бөліміне түскендер саны артып келеді

Дәрігерлердің айтуынша, реанимацияға түскен барлық пациенттер коронавирусқа қарсы вакцина алмаған

Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық аурухананың госпиталінде 161 адам жатыр, оның 16-сы жансақтау бөліміне орналастырылған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Александр Родителевтің айтуынша, ковидтік пневмония диагнозымен реанимацияға түскен барлық пациенттер коронавирусқа қарсы вакцина алмаған.

"Бүгінгі таңда жағдайы ауыр науқастар санының өсуі байқалады. Тыныс алу жеткіліксіздігі бірінші орынға шығады және оларды реанимацияға ауыстыру – уақтылы тыныс алуды қолдау және дұрыс таңдау. Бұл ретте барлық созылмалы және ілеспе патологиялар ескеріледі. Бір науқастың жағдайы тұрақтанып келеді және қайтадан стационарға ауыстырылады", – деді бөлім меңгерушісі.

Жансақтау бөліміне түсетіндердің саны өзгеріп отырады. Себебі,   жедел жәрдеммен және модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының стационарынан да шұғыл түсетін науқастар бар.

Госпитальдың бас дәрігерінің м.а. Камаль Тастеміровтың айтуынша, бір тәулік ішінде госпитальға 20-ға жуық адам келеді және бұл көрсеткіш артуда. Әзірге өткен жылғы деңгейге жете қоймған. Былтыр күніне 30 науқас түскен.

"Емдеу мерзімі он күннен басталады. Науқастардың орташа жасы 45-те, бірақ 1996, 2001 жылы туған науқастар келіп түсуде", - дейді ол.

Дәрігердің сөзінше, вакцина алған азаматтар ауруханаға түскен жағдайлар да бар, бірақ олар вакцинаның бірінші компонентін ғана алған. Иммунитет 29-40 күн ішінде қалыптасатынын ескеру қажет және маска тағу, денсаулықты күту,  суық тигізіп алмау және т.б. ережелерді естен шығармау керек.  Дегенмен, мұндай науқастарда ауру жеңіл түрде өтеді және ағза жылдам қалпына келеді.