БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ол әр жылдары түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды
фото ашық дереккөзден

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Жұмагелді Батырниязов БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмагелді Жолдыбайұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында өмірге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін қаржы және несие, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Ол әр жылдары Сырым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы, БҚО көлік және коммуникациялар басқармасының жетекші, бас маманы, БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыртқы экономикалық байланыстар, туризм және лицензиялау бөлімінің бастығы, осы басқармада өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы, БҚО әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

2019 жылдан бастап «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның инвестициялық даму және инвестициядан кейінгі сүйемелдеу департаментінің директоры қызметін атқарды.

 

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.