ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы: Коронавирус су арқылы жұқпайды

Бірақ арақашық сақталмаса, адамдар жаппай көп жиналатын жерлерде коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары.

фото ашық дереккөзден

Коронавирусты су арқылы жұқтыру жағдайлары анықталмады деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетоваға орталық коммуникациялар қызметінде.  

«Бүгінгі таңда коронавирустың су арқылы жұғатыны анықталмаған. Яғни, коронавирус су арқылы берілмейді. Бірақ сонымен бірге, сіздердің назарларыңызды дәл сол су қоймаларында, егер арақашық сақталмаса, адамдар жаппай көп жиналатын жерлерде коронавирусты жұқтыру қаупі бар екеніне аударғым келеді. Өйткені коронавирус ауа арқылы таралады. Науқас адам ұсақ ауа тамшыларын шығарады. Бөлшектердің мөлшеріне байланысты ауа көпіршігі ұзақ уақыт ауада қалықтап жүруі мүмкін. Бұл бір шаршы метр аумаққа тым көп адам жиналған жағдайда жұқтыру факторы», - деді Айжан Есмағамбетова.