ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстандықтар енді көліктерін мамандандырылған ХҚО-да сақтандыра алады

Бұл «делдалдардың» жұмысын тоқтатады дейді мамандар

Kapital.kz

Биыл маусым айында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көлік иелерін сақтандыру қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Көлікті қайта тіркеуді ресімдей отырып, клиент сол жерде сақтандыру полисін сатып ала алады. Яғни, енді басқа қызмет көрсету терезелеріне кезекке тұрудың немесе «делдалдардан» сақтандыру полисін ресімдеудің қажеті жоқ.

Жаңа қызмет туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин баяндап берді.

«Мамандандырылған ХҚО операторларымен көлік иелерін сақтандыру қызметі әдетте мамандандырылған ХҚО-да клиенттерге өз мүддесі үшін қызметтерін ұсынатын «көмекшілерге» клиенттердің шағымдарымен байланысты міндеттерді шешуге көмектеседі. Егер пилоттық жоба сәтті іске асырылатын болса, біз еліміздің басқа мамандандырылған ХҚО-да дасақтандыру қызметін енгіземіз», – деді Мемлекеттік корпорация төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.

Клиенттерге көлікті қайта тіркегеннен кейін ақпараттық жүйелері бір-бірімен ықпалдастырылған сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады. Ағымдағы кезеңде «Евразия» сақтандыру компаниясымен келісім жүзеге асырылған. Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап 300-ден астам азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарты жасалды.