$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2021, 23:21
Жаңалықтар

Іле-Алатауында әйел адам жоғалып кетті

Куәгерлер оны соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көрген
 

Іле-Алатауында әйел адам жоғалып кетті
kazinform.kz

Алматы тауларында әйел адам жоғалып кетті деп хабарлайды Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле-Алатауында жоғалып кеткен әйелді іздестіріп жатыр. Республикалық жедел-құтқару жасағына жоғалып кеткен адам туралы ақпарат 7 шілде күні түскен.

Анасының айтуынша, ол тауға 5 шілдеде кеткен. Куәгерлер оны соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көрген. Телефоны үйде қалған.

«Бүгін республикалық жедел-құтқару жасағының 5 адамнан тұратын жеке құрамы іздеу-құтқару жұмысын бастап кетті. Құтқарушылар екі топқа бөлінді. Біреуі - Алматы-Алагир асуына қарай, екінші топ Советтер шыңы жаққа қарай бет алды. Сонымен қатар, олар гидрология стансасының жоғары жағындағы орманды да қарап шығады», - деп хабарлайды Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары