$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2021, 22:20
Жаңалықтар

Қарағанды облысында вакцина алған адамдар саны артып келеді

Ауылдық елді-мекендерде вакцинациялау үшін жылжымалы медициналық кешендер ашылған.

Қарағанды облысында вакцина алған адамдар саны артып келеді
фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қарағанды облысында бес мыңға жуық адам екпе алды деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Жалпы облыс бойынша вакцинаның бірінші компонентін алғандар 280 255 адам, екі компонентін алғандар 161 050 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, өткен тәулікте 4 060 адам COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алған. Екі компонентін толық алғандар саны – 823 адам.

«Облыста коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны жалғасып жатыр. Арнайы мамандандырылған 115 егу кабинеті ашылды. Вакцинаны өңірлерге жеткізу логистикасы пысықталды. Халық еgov.kz-те жеке кабинеті және Damumed арқылы вакцинацияға жазыла алады», - дейді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Емханалардағы вакцинация орталықтарымен бірге ірі сауда орталықтарында да егу кабинеттері, ал ауылдық елді-мекендерде жылжымалы медициналық кешендер ашылған.

Серіктес жаңалықтары