Марат Қарабаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Ол бұған дейін ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болды.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында дүниеге келген. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Су шаруашылығы имараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының м.а. ретінде бастаған.
Ол әр жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары м.а., Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, басшысы міндеттерін атқарды.
2018-2019 жылдары ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық жасаса, 2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілде аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметінде болды.