ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

«Elorda Aqparat» ЖШС директоры болып Бақытжан Тұрлыбеков тағайындалды

Ол бұған дейін бірнеше БАҚ-ты басқарған

Бақытжан Тұрлыбеков «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болып тағайындалды, деп жазады «Елорда Инфо».

Бақытжан Тұрлыбеков өзінің еңбек жолын дарынды балаларға арналған Жаутықов атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика мектебінде бастады. 2009-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқарған. 2013 жылдың тамызынан 2019 жылдың тамызына дейін NewTimes.kz, Sn.kz ақпараттық агенттіктері мен «Корреспондент» газетін басқарды.

Жоғары білімі бар, Орталық Азия университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде психология мамандығын, «Астана» университетінде заңгер мамандығын меңгерген.

Мектеп оқушылары арасында батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» республикалық ағарту жобасының негізін қалаушы. Сонымен қатар ұзындығы 1000 шақырымнан тұратын «Хан Кененің ізімен: тағдырлы Торғайдан сырлы Созаққа» атты экстремалды экспедициясының авторы және қатысушысы.