Алматы облысында EC 130B4 тікұшағы қатты қонды - ААК

Зардап шеккендер жоқ

Алматы облысында EC 130B4 тікұшағы қатты қонды - ААК
көрнекі фото

5 шілде сағат 17:40-та Алматы облысында пайдаланушысы Q-AVIA ЖШС тіркеу нөмірі UP-EC008 Eurocopter EC 130B4 тікұшағы қатты қонды. Әуе кемесінің бортында экипаждың 1 мүшесі және 2 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған факті бойынша комиссия құрылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.

Еске салайық, 4 шілдеде сағат 07:50-де Қызылорда облысы Қарауыл-Төбе елді мекенінің ауданында бақыланбайтын әуе кеңістігі аймағында тіркеу нөмірі UP-A0135 АН-2 ұшағының құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Әуе кемесі авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізді. Бортта 2 адам болған, зардап шеккендер жоқ, жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілді.

Әуе кемесінің операторы «Жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушылар» («ЭЛИСА») қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі әуе кемесін пайдаланушы.

Әуе кемесінің ұшу жоспары 3 шілдеде сағат 09:10-да Бас әуе қозғалысын жоспарлау орталығына түсті, 4 шілдеде сағат 07:59-да ұшу жоспарының жойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл ұшақтың ұшуы туралы ақпарат түскен жоқ.

Аталған факті бойынша комиссия құрылды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.