ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

Дауылды ескерту: 4 шілдеде еліміздің кей өңірінде күн 46 градусқа дейін ысиды

Батыс облыстарда құмды дауыл көтерілуі мүмкін

4 шілдеден бастап Қазақстанның бірнеше облысында күн қатты ысып, жоғары өрт қауіптілігі сақталады деп хабарлайды «Қазгидромет» синоптиктері.

4 шілдеде күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қаупі болады.

4-6 шілдеде күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-45 градус өте қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қаупі болады.

5-6 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт каупі сақталады.

5-7 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде 46 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі болады.

4-8 шілдеде күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4-5 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

4-8 шілдеде күндіз Алматы облысының кей жерлерінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

4-5 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында 39 градусқа дейінгі қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Павлодар облысында 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

4 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күтіледі. Күндіз кей жерлерде 37 градусқа дейін өте қатты ыстық болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Жекелеген аумақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 40-41 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.