27.06.2021, 10:30
Жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионын техникалық нокаутпен жеңді
Бұл оның кәсіпқой рингтегі оныншы жеңісі
Фото ашық дереккөзден
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионы 30 жастағы Роб Брантты жеңді. Жекпе-жек Лас-Вегаста Ломаченко-Накатани кездесуінің андеркартында өтті.
Он раундқа жоспарланған жекпе-жектің алтыншы раундында Жәнібек америкалық боксшыға ауыр соққысын тигізіп, оны нокдаунға жіберді. Ал, сегізінші раундтан кейін Роб Брант бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Орта салмақта өнер көрсететін Әлімханұлы үшін бұл кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегі, оның бәрінде жерлесіміз жеңіске жеткен, алтауы нокаутпен. Брант болса үш рет жеңіліп, 26 рет жеңіске жеткен.
Айта кетейік, қазақстандық өзге боксшвы Геннадий Головкин де осы салмақта өнер көрсетеді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды