ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш ашылды

Тәуелсіздік жылдарында 37 алматылық полицей қызметтік міндеттерін орындау барысында қайтыс болған

Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Ескерткіш құқық қорғау органдарының қатарында және олардың туыстары мен әріптестерінің есінде мәңгі қалған тәртіп сақшыларының құрметіне жасалды. Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдарында 37 алматылық полицей қызметтік міндеттерін орындау барысында, қылмысқа қарсы күресте қайтыс болды. Біздің қасиетті борышымыз – олардың естелігін құрметтеу, олардың ерліктерін мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу және отбасыларын барлық жағынан қолдау», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Спикердің айтуынша, бұдан былай ескерткіштің аясында жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтеді, ал мереке күндері салтанатты іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Іс-шараға Алматы ПД-нің басшылығы, аудандық ПБ-ның жеке құрамы, ардагерлер кеңесінің өкілдері және қайтыс болған қызметкерлердің туыстары қатысты.