Келесі жылы Алматы мен Нұр-Сұлтанда жылы тротуарлар салынуы мүмкін

Бұл қар тазалау, жол инфрақұрылымын салу және қызмет көрсету шығындарын азайтады

Келесі жылы Алматы мен Нұр-Сұлтанда жылы тротуарлар салынуы мүмкін
Фото: pikabu.ru

Нұр-Сұлтан және Алматы мегаполистерінде жылы тротуарлар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Clean Road-тың негізін қалаушы Антон Гочачко мәлімдеді дейді lsm.kz сайты.

Оның айтуынша, аталмыш стартап жоба аясында жаяу жүргіншілер жолдары мен жылытылатын автотұрақтар үшін жабын орнатады. Бұл қар тазалау, жол инфрақұрылымын салу және қызмет көрсету шығындарын азайтады.

Жоба StartUp Kazakhstan жеделдету бағдарламасының нәтижелері бойынша 31 мың доллар көлемінде (шамамен 12 млн теңге) қаржы алған.

«Жылуы бар тротуарларды қысқы және жаңбырлы уақытта тазалау мен кептіруден біраз қаржыны үнемдеуге болады. Біз қазір Ресей мен Финляндияда жұмыс істеп жатырмыз. Келесі жылы Алматы мен Астанада үш құрылыс салушымен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан олармен келіссөздер жүргіземіз», - деп атап өтті Гочачко.

Оның айтуынша, 20 мың шаршы метрді жабу үшін 500 мың доллардан 1 млн долларға дейін (шамамен 193,3-386,7 млн теңге) қажет. Егер құрылыс ойдағыдай жүргізілсе, тротуарларды жөндеусіз 50 жыл пайдалануға болатынын айтады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.