$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2021, 14:35
Жаңалықтар

Ұлыбритания билігі вакцина алғандарға бірнеше елге саяхаттауға рұқсат етуді жоспарлап отыр

Сондай-ақ саяхатшыларға үйіне оралған соң оқшауланудың қажеті болмайды

Ұлыбритания билігі вакцина алғандарға бірнеше елге саяхаттауға рұқсат етуді жоспарлап отыр
Фото: reuters

Ұлыбритания билігі коронавирусқа қарсы екпе салдырған тұрғындардың әлем бірнеше еліне саяхаттауына рұқсат беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок мәлімдеді.

Бұл азаматтарға Франция, Италия, Испания, Португалия, Греция және АҚШ сияқты мемлекеттерге баруға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, Үкімет вакцинация арқылы әлемнің кез келген елінде еркін жүру мүмкіндігін қалпына келтіруге септігін тигізетін жоспарларды іске асырмақ.

«Бұл шаралар клиникалық тұрғыдан әлі ұсынылған жоқ. Біз қазір осы мәселелерді шешіп жатырмыз. Вакцинациялау бағдарламасының мақсаты да сол. Міне, сондықтан әрбір ересек адамның шығып, екпені алуы өте маңызды», - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ саяхатшыларға үйіне оралған соң оқшауланудың қажеті болмайды.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі балалары карантин талаптарын бұзғаны үшін ата-аналарға 5000 шекел (шамамен 660 мың теңге) айыппұл салу санкциясын енгізді. Тиісті бұйрыққа Денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры профессор Хези Леви 23 маусымда қол қойды.

Бұл шара Сovid-19 инфекциясын жұқтыру оқиғалары санының артуына байланысты қолға алынып отыр. Инфекцияны жұқтырудың жаңа эпизодтары елдің әртүрлі аймақтарында тіркелуде.

Енді, егер карантинге жатқызылған бала шектеу шараларын бұзған жағдайда, баламен бірге тұратын ересек адамға 5000 шекел айыппұл салынуы мүмкін.

Колумбияға Janssen вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Ел президенті Иван Дуке өзінің Twitter желісінде Колумбияға Janssen компаниясы шығарған екпенің алғашқы 480 мың дозасының жеткізілгендігін хабарлады.

Оның айтуынша, вакцинаның бұл партиясы елдің шалғай аудандарындағы тұрғындарды екпемен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Колумбияда коронавирус жұқтырғандардың саны шамамен 4 миллион адамды құрайды.

Серіктес жаңалықтары