24.06.2021, 10:28
Жаңалықтар
Коронавирустан 7 адам, КВИ пневмониясынан 1 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан болған өлім-жітім статистикасы жарияланды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясынан жеті адам қайтыс болды. Ковидтік пневмониядан бір пациент көз жұмды.
Өлім жағдайы Алматы қаласында (4), Атырау (1), ШҚО (1), Қызылорда облыстарында (2) тіркелген.
Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан барлығы 4 268 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 432 адам қайтыс болды.
24 маусымдағы жағдай бойынша қазір 22 098 адам коронавирус инфекциясынан (–20 828 + және 1270 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 588 пациент стационарда, 15 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 408 адамның жағдайы ауыр,
- 95 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 72 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Көп оқылған
16.04.2026, 10:47
Түркістан мен Жамбыл облысы антирекордтың көшін бастап тұр: жасөспірім қыздар зорлықтан жүкті болып, бала босанады
16.04.2026, 13:48
Қарағанды облысындағы аса қауіпті қылмыскер бес жыл бойы дәретхананың ішіне жасырынып келген (ВИДЕО)
16.04.2026, 15:10
Бас прокуратура Қазақстандағы iPhone иелеріне шұғыл ескерту жасады
Редактордың таңдауы
16.04.2026, 14:32
FlyArystan: Шымкент әуежайында итті қағып кеткен ұшақ сынып қалған