ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Локдаун енгізуге себеп жоқ - Ералы Тоғжанов

Әзірге Нұр-Сұлтан қаласына қатысты шектеу шаралары қабылданды

Карантин талаптарының қатаңдатылуына орай елімізде локдаун енгізілуі қаншалықты мүмкін екендігіне қатысты Премьер-министрдің орынбасары пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ОКҚ-да өткен брифингте Ералы Тоғжанов бұл мәселе күн тәртібінде жоқ екенін мәлім етті.

«Бүгінде локдаунды республика аумағына енгізуге ешқандай себеп жоқ. Бұл күн тәртібінде де тұрған жоқ. Ведомствоаралық комиссияның отырысында Нұр-Сұлтан қаласына қатысты біраз шектеу шараларын қабылдадық. Ол жерде нақты объектілерге қатысты, әсіресе адамдар көптеп жиналатын жерлерге қатысты шектеулер енгізілді. Қазір осы шаралардың айналасында жұмыстар атқарылмақ. Бұдан кейінгі шешімдеп елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ», -деп жауап берді Премьер-министрдің орынбасары.