ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте алкоголь өнімін қолдан жасап сататын 4 астыртын цех анықталды

Олар мемлекетке 9 млн теңгеге жуық шығын келтірген

Фото: ашық дереккөзден

Алкоголь өнімдерін қолдан жасаудың салдары мемлекетке орасан зор экономикалық зиян келтіріп қана қоймай, адам денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

Контрафактілік алкогольді ішу мүгедектікке, кейде бүкіл әлем бойынша жүздеген мың адамның өліміне әкеледі.

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу шараларының нәтижесінде суррогат алкоголь өнімін өндіретін 4 астыртын цех қызметінің жолын кесті.

Тексеру барысында 19 мың бөтелке түрлі маркалы алкоголь өнімі, 75 литр спирт, 13,4 тонна спирті бар сұйықтық, 5 мыңнан астам және 1 орама есепке алу-бақылау маркалары табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, контрафактілік өнімдерді құюға арналған түрлі жабдықтар тәркіленді.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес 4 астыртын цехтың ұйымдастырушылары мемлекетке 9 млн теңгеге жуық шығын келтірген.

Үш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, бір факті бойынша күдікті кінәсін толығымен мойындап, залалдың орнын толтырды.