$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2021, 12:18
Жаңалықтар

Елордадағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары қашан басталатыны әлі де белгісіз

Былтыр «Қазавтожол» ҰК өкілдері көшені жаңарту жұмыстары 2021 жылдың маусым айында басталады деп сендірген

Елордадағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары қашан басталатыны әлі де белгісіз
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында жөндеу жұмыстарына қыруар қаражат көзделген Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары жоспарланған мерзімінен кеш басталмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Былтыр «Қазавтожол» ҰК өкілдері көшені жаңарту жұмыстары 2021 жылдың маусым айында басталады деп сендіргенеді. Алайда, жаз басталғалы Қабанбай батыр даңғылында ешбір құрылыс басталған жоқ.

Оқи отырыңыз: Елордадағы Қабанбай батыр даңғылын кеңейтуге 89 млрд теңге жұмсалады

Azattyq Rýhy тілшісі осыған орай «Қазавтожол» ҰК-ге хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтады.

«Жөндеу жұмыстарының кешігіп жатқан себебі - Банктің қарыз қаражатын бөлу бойынша рәсімдерінің ұзақтығы болып отыр. Осы мәселені тездету үшін тиісті хаттар жолданды. Жалпы банктің қаржыландыруын қамтамасыз ету және жобаны бағалау үшін өткен жылы Банкке қажетті құжаттар пакеті жолданды. Қазіргі уақытта Банктің жобаны бағалау бойынша ішкі рәсімдері жүргізілуде. Аталған рәсімдер аяқталған соң, жобаны қаржыландыруға Кредиттік келісімге қол қою жоспарланып отыр.Өздерінің айтуы бойынша, жақын арада шешіледі. Біз де өз кезегімізде тездетуді өтінудеміз», - деді «Қазавтожол» ҰК АҚ Займ басқармасының басшысы Нұрлан Бекмырзаев. 

Еске сала кетейік, Қазақстан қытайлық банктен 20 жылға 2%-дық үстемақымен 76 млрд теңге көлемінде қарыз алмақ. Өз кезегінде жаңарту жұмыстарына жауапты қытайлық мердігер ұйымдары 2 жылға кепілдік береді екен. Қазақстан тарапы бұл мерзімді ұлғайтуға ниетті.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары