23.06.2021, 10:16
Жаңалықтар
Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз - Тоқаев
Президент мемлекеттік қызметшілерді құттықтады
Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Бүгін - мемлекеттік қызметші күні. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды осы мерекемен құттықтаймын! Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, 2014 жылдан бері 23 маусым елімізде мемлекеттік қызметші күні ретінде атап өтіліп келеді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
