$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2021, 00:26
Жаңалықтар

8,6 мыңға жуық кәсіпкерлік субъект қолдау шараларымен қамтылды

1 шілдеден бастап Қазақстанда салық заңнамасына жаңа түзетулер енгізіледі

8,6 мыңға жуық кәсіпкерлік субъект қолдау шараларымен қамтылды

2021 жылдың 1 шілдесінен және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық заңнамасына жаңа түзетулер енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дегенмен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 сәуірдегі коронавирустық инфекция жөніндегі кеңесте берген тапсырмасы аясында Қаржы министрлігі Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыс жүргізуде.

«Зардап шеккен салалардағы ШОБ үшін еңбекақы қорынан салық төлеу кейінге қалдырылды. Бұл шара 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін қолданылады. Салықтық және кедендік қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылды. Бұл шара 13,2 млрд теңге қарызы бар 8,6 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісін қамтыды», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев.

Мұнымен қоса, қолға алынған шаралар шеңберінде акцизделетін тауарлар мен ЕАЭО елдеріне импортталатын және шығарылатын тауарлардың ілеспе шот-фактураларын тіркеу бойынша пилоттық жобалардың мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін, ал басқа тауарлар үшін - 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Сондай-ақ, келесі жылдың 1 қаңтарында ҚҚС төлемейтіндерге электронды шот-фактуралар беру міндеттемесі кейінге қалдырылды.

 
Серіктес жаңалықтары