Қазақстан елшілігінің Мәскеудегі консулдық бөлімі жұмысын уақытша тоқтатты
Консулдық бөлім 24 маусым мен 8 шілде аралығында жеке қабылдауды тоқтата тұрады
Қазақсанның Ресейлегі елшілігінің Мәскеу қаласында орналасқан консулдық бөлімі коронавирустың таралуына қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты 24 маусым мен 8 шілде аралығында келушілерді қабылдауды тоқтатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті азаматтар! Мәскеу қаласындағы жағдайдың нашарлауына байланысты COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы және барлық келушілердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 24 маусым мен 8 шілде аралығындағы кезеңде Мәскеудегі Қазақстан Республикасы елшілігінің консулдық бөлімі барлық консулдық және мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарды жеке қабылдауды уақытша тоқтата тұрады», - делінген Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің тelegram-арнасында.
Елшілік өкілдері шұғыл мәселелер бойынша 8 (925) 897-71-14 «жедел желі» телефонына қоңырау шалуды сұрайды.
Қалған сұрақтар бойынша consul.moscow@mfa.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.
«2021 жылғы 24 маусымнан бастап 8 шілдеге дейінгі күндерге азаматтардың Онлайн жазылуы тиісінше келесі аптада кезек тәртібімен ауысатын болады», - делінген елшілік хабарламасында.
Келушілерді қабылдауды қайта бастау күні туралы РФ-дағы ҚР елшілігінің интернет-ресурстары арқылы қосымша хабарланатын болады.