ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Нұр-Сұлтандағы «Еуразия» сауда орталығында вакцина алғандарға түрлі сыйлықтар беріліп жатыр

Сыйлықтардың ішінде жеңілдік купондары, техникалық құралдар мен басқа да тұрмысқа қажетті заттар бар

Елордадағы «Еуразия» сауда орталығында екпе алғандар құр кетпей, сатылымдағы тауарларға жеңілдік купондарын сыйға алады. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды тұрғындар арасында насихаттап, олардың белсенділігін арттыру үшін «Еуразия» сауда орталығының басшылығы осындай бастаманы қолға алып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Біздің орталықта тұрғындардың вакцина алуына барлық жағдай жасалған. Мұндағы арнайы бөлімшеге келуге ешқандай шектеу жоқ. Қазіргі уақытта вакцина салдыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қала тұрғындарын қолдау үшін енді сыйлығымызды да қоса ұсынып отырмыз. Сыйлықтарымыздың ішінде жеңілдік купондары, техникалық құралдар мен басқа да тұрмысқа қажетті дүниелер бар. Сондықтан келушілерге есігіміз әрқашан ашық дегім келеді», — деп түсіндірді шараның басты ұйымдастырушысы, «Еуразия» сауда орталығының өкілі Сырым Сыздықов.

Айта, кетейік, мұндай бастамалар түрлі деңгейде елорданың СОО-ларында жүргізілген болатын. Мысалы, «Mega Silk Way» СОО-да вакцинациядан кейін мұз айдынына сертификаттар, мейрамханаларға жеңілдіктер берілді. Ал «Сарыарқа» СОО-да Actual Optic-ке 5 мың теңгенің жеңілдік купоны берілді. Сондай-ақ тілек білдіргендер арнайы бланкілер толтырып, кино паркіне жеңілдіктер алды. «Азия Парк» СОО-да кәсіпкерлердің сыйлықтары (тұрмыстық техника, электроника, СОО жалға алушыларының сыйлықтары) және т.б. ойнатылды.