«Э-э-э» деме: қырғыз депутаттары төбелесіп қала жаздады

Azattyq Rýhy

Оларды өзге әріптестері ажыратқан

Жогорку Кенеш дептутаттары Акылбек Кемелов пен Нурбек Мурашев Аграрлы саясат, су ресурстары және аймақтық даму комитетінің отырысында төбелесіп қала жаздады деп жазады 24.kg.

Депутат Акылбек Кемелов министрлер кабинетінің төрағасы Улукбек Мариповке сауал жолдап жатқан. Сол сәтте ЖК комитетінің төрағасы Нурбек Мурашев оған сөзін тездесіп аяқтауды сұрады. Сондай-ақ, ол депутаттың министрлер кабинеті төрағасына тым өткір сұрақ қойғанын айтып, әріптесін сыйлауды талап етті.

Депутат Кемелов болса Мурашевтан адвокат болмауын сұрап, әріптесін сыйлағандықтан екі сағат бойы кезек күтіп отырғанын мәлімдеді. Мұны естіген төраға бірден ашуға салынып, «э, мен ешкімнің адвокаты емеспін» деп жауап берді.

Акылбек Кемелов болса әріптесінен этика сақтауын талап етіп, мұның соңы ерегіске ұласып кетті. Екі депутат орнынан тұрып, бір-біріне ұмтылған кезде, оларды залда отырған өзге әріптестері ажыратты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.