$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2021, 11:51
Жаңалықтар

Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілер белгілі болды

Іріктеу ATP және WTA рейтингі бойынша түзілді

Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілер белгілі болды
Елена Рыбакина, фото: ktf.kz

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі тамыз айында өтетін Токио Олимпиадасында теннистен ел намысын кімдер қорғайтынын хабарлады.

Ерлер арасынан Александр Бублик, әйелдер арасынан: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова. Шведова үшін бұл үшінші Олимпиада ойындары.

Іріктеу талаптарына сәйкес, Олимпиада ойындарына ATP және WTA рейтингінің ТОП-56 қатарына кірген әр елдің төрт үздік теннисшісі және Дэвис кубогында немесе Федерация кубогында ел намысын қорғаған спортшылар қатыса алады.

Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ биыл дүбірлі додаға бейсбол, каратэ, серфинг, құзға өрмелеу және скейдбординг секілді жаңа спорт түрлері қосылды.

Ал, қазақстандық спортшылар Токио олимпиадасында ел намысын спорттың 30 түрінен қорғауды жоспарлап отыр.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың айтуынша, қазақстандық спортшылардың Токио Олимпидасына (жазғы) қатысуына мемлекет тарапынан 15 млрд теңге бөлінеді.

Серіктес жаңалықтары