ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Мамай мен Иманбай соты: судья қос тараптың өтінімдерін қанағаттандырмады

Судья сот отырысында үзіліс жариялады

Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы Әуезов аудандық №2 сотында Бауыржан Байбектің талап-арызымен белсенді Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға қатысты азаматтық сот процесі өтіп жатыр. Қызу пікірталаспен басталған отырыста екі тарап та судьяға екі түрлі өтінім жасаған. Алайда, судья заңгер Айжан Тәшенованың kz.media порталында жариялаған мақаласын сотқа құжат ретінде тіркеуін, ал Мамайдың адвокаттары сот процесіне Алматы қаласындағы кейбір басқармалардың басшыларын қатысуын сұраған өтінімдерін қанағаттандырмады.

Судья Райхан Сартаева екі тарапқа да сөз берді. Жауап беруші тарап сотқа тағы бірнеше дәлел құжаттарын өздерімен әкелгенін және тіркегенін айтты. Аталған құжаттармен танысып шығу үшін судья 40 минуттық үзіліс жариялады.

Еске салайық, биыл сәуір айында белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай Бауыржан Байбекті жемқор деп айыптап, бірнеше видеоролик жариялаған болатын. Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ар-намысын заң аясында қорғайтынын айтып, екеуін сотқа берді.